• RU
  • KZ
  • EN

Мал шаруашылығы

2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

2018 жылдың І тоқсанына статистикалық мәліметке сәйкес  мал басы саны: мүйізді ірі қара мал саны 62928, оның ішінде  сиыр 24215, қой мен ешкі 86158, жылқы 23384, шошқа 9639 және үй  құстары 1 735 260 басты құрады.
Былтырғы жылмен салыстырғанда МІМ саны 6,2 %, оның ішінде сауынды сиыр саны 2,5%, жылқы 4,2 %, шошқа 19,4%, үй құстары 8,3% өсімін көрсетуде , алайда  қой мен ешкі малының басы өткен жылмен салыстырғанда 16,9% немесе 17576 басқа азайды. 
Өндірілген өнім былтырғы жылмен салыстырғанда: ет 9,8 мың. тонна немесе 105,4%, сүт 9,8 мың. тонна 103,9%, жұмыртқа 5,64 мың дана – 107,9%-ды құрады. 
Алынған төл: бұзау-19423, қозы- лақ- 33462 бас, құлын-5928 бас, торай-10172бас  129,8% былтырғы 2016 жылмен салыстырғанда.
Аудан бойынша 6 мал сою пункті,13 мал сою алаңы және 1 құстарды сою заводы жұмыс істейді.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамындағы 60 қадамының орындалуы «СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУ» мақсатында және агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша келесідей жұмыстар атқарылуда. 
Аталған бағдарламаны іске асыру үшін аудан бойынша 4 СТФ құрылысы және 1 СТФ қайта жаңғырту жоспарлануда. Олар «Тоғанас» шқ, «Сартепсен»шқ, «Режебалиев» шқ, «Бастау-41» ЖШС «Алихан-Асыл» ЖШС.
Аудан бойынша 2018 жылы өткен жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығының дамуы жылдан жылға өз өсімін көрсетуде.
Тапсырмаларды орындау мақсатында, сондай-ақ сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту жобасын іске асыру кезінде 2015-2018 жылдары ауданда 11 сүт қабылдау пункті ұйымдастырылған және жұмыс істеп тұр. 
2018 жылы Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тапсырмасына сәйкес, Ұлан ауданы қосымша 2 сүт қабылдау пунктін ашып, ауыл тұрғындарынан 5308 тонна көлемде сүт өткізу қажет.
Бекітілген жоспарға сәйкес 2018 жылдың І тоқсанына Ұлан ауданы 635 тонна сүт қабылдау қажет болған, бүгінгі күні аудан бойынша жиналған сүттің көлемі 644,2 тоннаны құрады.
2018 жылы бекітілген жоспарға сәйкес Ұлан ауданы 2 сүт қабылдау пунктін ашу жоспарланған. Бүгінгі күні жоспар 100 % орындалды. 2017 жылы құрылған ауыл шаруашылық кооперативтері арқылы 2 сүт қабылдау модулдері сатылып алынып 2018 жылдың науырыз айынан бастап іске қосылды.

Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің бекіткен жоспар тапсырмасына сәйкес,Ұлан ауданы құрылған ауылшаруашылығы кооперативтерінің мүшелерін 865 адамға жеткізу жоспарланған. Аудан бойынша ауыл шаруашылық кооперативтерін құру туралы түсіндірме жұмыстары ағымдағы жылдың басынан халық арасында жүргізілді, бұл жұмыс жалғасуда. 2018 жылғы 1 сәуіріндегі  жағдай бойынша аудан бойынша 23 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Құрылған сүт және ет бағытындағы кооперативтерге – 576 жеке қосалқы шаруашылық, ұсақ және орта шаруа қожалықтары кірді, оның ішінде:
1) 12 АӨК сүтті бағыттағы: 
2) 1 АӨК етті бағыттағы: 
3) 2 АӨК өндірістік бағыттағы
4) 8 АӨК  аралас бағытта.

Ауданға 2018 жылы бөлінген несие көлемі 280,0 млн. теңгені құрайды. Бөлінген несиелер «Ынтымақ», «Кәсіпкер», «Егінжай», «Береке», «Игілік» бағдармалары арқылы жүзеге асырылады.


Мұрағат:

  2017 *.doc 119 KB
Парақтар өзгертілді: 14-05-2018
Сайт әкімшісі
Серік Фариза Советқызы
Телефон: 8 (72338) 27-196
e-mail: f.serik@akimvko.gov.kz

Кенсе бөлімінің тел.: 8 (72338) 27-617
e-mail: kense_ulan@akimvko.gov.kz

071600 ШҚО, Ұлан ауданы,
Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы 5
Copyright © 2009-2018